$ 449.58  486.94  4.86

«Бәрі қонақ үшін, ал жер иесіне дым да жоқ»: Мұхтар Тайжан Теңіз оқиғасы туралы

Сонымен қатар, ол араб елдеріндегі бизнес практикасы туралы сөз қозғады.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Экономист Мұхтар Тайжан Теңіздегі оқиғаға байланысты өз пікірін білдірді. Ол билікті экономика саласында ұлтшыл болуға шақырды.

«Теңіздегі жанжал – биліктің біздің пайдалы қазбаларды игерудің отаршыл және кемсіту саясатының нәтижесі. Керісінше, қазбаларды игеруде прагматикалық ұлтшылдық қажет. Осы саясатпен бүкіл әлем өмір сүруде: Норвегия, Малайзия, Араб Әмірліктері. Тек колониялықтар ғана интернационалды бағытта күн кешіп жүр. Яғни, бәрі қонақ үшін, ал жер иесіне дым да жоқ. Салдарынан Теңіздегіндей әлеуметтік-ұлттық жарылыстар пайда болады. Егер өз халқына деген экономикалық сатқындық саясаты жалғаса берсе, дау-дамайлардың да саны арта бермек», - деп жазды экономист өзінің Facebook-парақшасында

Сонымен қатар, ол араб елдеріндегі бизнес практикасы туралы сөз қозғады. 

«Сауд Арабиясында немесе Біріккен Араб Әмірліктерінде арабпен жаға ұстасып көрші! Не сені сол елге қайта келместей қуып жібереді, не қолыңды, болмаса басыңды шауып тастайды. Ол елдерде араб немесе малайзиялық серіктесің болмаса – бизнес жүргізе алмайсың. Міне, осылай! Ал сіздер «қазақ ұлтшылдары» дейсіздер! Билікке де қазақ ұлтшылы болатын уақыт келді, әсіресе, экономика саласында!», - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары