03.07.2019, 14:30

«Тоқал болуға дайынмын»: 20 жастағы бойжеткен қалталы еркек іздейді

Фото: freepik.com
Тоқал боп, бақыттан басы айналып жүрген жандар қатарында өзін көргісі келетінін де ашып айтқан.

20 жастағы Қаламқас есімді бойжеткен Нұр-Сұлтан қаласында сырттай білім алады және сауда орталығында жұмыс істейді. Ол ұзын бойлы, сұлу қыз. Отбасылы жігіттермен көңіл қосқысы келетін  Қаламқас байлықта шалқып өмір сүргісі келеді, деп хабарлайды NUR.KZ. ⠀

Қаламқастың анасы ғана бар. Әрдайым қалағанына қолы жетпейтін көрінеді. Туыс әпкелерінің киімін киіп өскен бойжеткен анасынан бөлек шығып, уайымсыз өмір сүруді армандайды.⠀

«Бұл менің ішкі ойым. Қатарластарым «кедей» деп мазақ қылады. Ешқашан әдемі киінген емеспін. Қазақстанның басқа қаласын көрген емеспін, өзге елді айтпағанда», - дейді Қаламқас.⠀

Өз өміріне налыған қыз өмірін бай адаммен байланыстырғысы келеді. Тіпті отбасылы адам болса да.⠀

«Өзім сияқты жігітке тұрмысқа шыққым келмейді. Анама, әжеме, атама көмектесіп, жұмақтағыдай өмір сыйлайтын адамды тапқым келеді. Өзгелер сиқяты әдемі киімдер киіп, «не ішемін, не киемін» деген уайымнан арылғым келеді», - деп ағынан жарылды ол. 

Тоқал боп, бақыттан басы айналып жүрген жандар қатарында өзін көргісі келетінін де ашып айтқан.

«Қазіргі заманда біреудің тоқалы екен деп ешкімді таңғалдыра алмайсың. Бұл қалыпты жағдай. Ресми некеге тұрмасақ та, екінші әйел деген статусым болса болды. Әрине, ресми неке қимасақ та мешітке барсақ жетеді» - деп бойжеткен сөзін аяқтады.