03.07.2019, 15:20

Желіні шулатқан «Алтын белгі» иегері полиглот болып шықты

Бес тілді еркін меңгерген. Қазақ, орыс, ағылшын, әзірбайжан, түрік, хинди тілін біледі. Жастар еріктілер бірлестігінің мүшесі.

Желіде би билеп танылған «Алтын белгі» иегері Сабина Батенова өз әрекетін түсіндірді. Оқушы өзін танымалмын деп есептемейді.

«Марапаттау рәсімінде мен «Алтын белгі» алдым. Бұл мен үшін қуаныш. Әбдіжаппар Әлқожаның өнер көрсетуі де қуанышымды еселей түсті. Қуаныштан өзімнің қалай билеп кеткенімлі білмеймін. Бәрі маған қарап, видеоға түсіре бастады. Әйел кісі келіп, маған ұрысты. Мен сонда да одан қашпақ болып ем, полицейлер ұстап алды», - деп күлді оқушы қыз. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазонға сілтеме жасап хабарлайды.

«Мен оқиға осылай аяқталады деп ойлаған жоқпын. Үйге келсем, бәрі мен билеген видеоларды жіберіп жатыр. Көп адам пікір жазған, көбісі жағымды пікір қалдырыпты», - дейді Сабина.

Сабина Батенова мектепте белсенді болды. Бала күнінен билегенді жақсы көреді. Бес тілді еркін меңгерген. Қазақ, орыс, ағылшын, әзірбайжан, түрік, хинди тілін біледі. Жастар еріктілер бірлестігінің мүшесі. ҰБТ-ны да сәтті тапсырып шыққан. 

«Әзірге қайда оқуға тапсыратынымды айтпаймын. Тек гуманитарлық бағытқа баратынымды айтайын. Маған математика, физика, химия пәні де ұнайды. Қазақстанда оқуды жоспарлап отырмын», - деді үздік оқушы. 

Бұған дейін мектеп түлегінің би билеген видеосын жариялаған едік.