30.11.2015, 09:55

Қыстың басы жылы болады

1-3 желтоқсанда Қазақстанда күн жылы болады деп хабардайды «Қазгидромет».

«Күнтізбеде қыстың басы, бірақ күзгі жылу әлі кеткен жоқ. Демалыс күндері ауа температурасы Қазақстан аумағында климаттық нормадан 3-8º, солтүстік және шығыс облыстарында 9-13º жоғары болды»,-делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, республика аумағының көптеген бөлігінде ауа-райын белгілейтін антициклон жақын арадағы үш тәулікте ақырындап шығысқа қарай ауысатын болады.