03.07.2019, 18:24

ШҚО-да бір ай бойы жоғалып кеткен адамның денесі табылды

Фото: Хабар24
Марқұмның денесін Үлбі өзеніне шомылып жүрген балалар байқап қалыпты.

Бір айға жуық іздеуде болған Тарханка ауылының тұрғынының өлі денесі табылды, деп хабарлайды Altaynews.kz

Естеріңізге сала кетсек, Виктор Ляпуновтың 7 маусымда көршілерінің үйінен шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткенін жазған едік.

Марқұмның денесін Үлбі өзеніне шомылып жүрген балалар байқап қалыпты.

Виктордың жақындарының айтуынша, оқиғаның ақ қарасы әлі де белгісіз. Анықталып жатыр.