ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутат Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарованың ант беру рәсімі өтті, деп жазады BAQ.KZ.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деді Айгүл Қапбарова.
Бұған қоса, Айгүл Қапбарова Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым тұрақты комитетінің мүшесі болып сайланды.
Еске салсақ, маусым айының соңында журналист Айгүл Қапбарова Сенат депутаты атанған еді.