Қазақстанның әр өңірінде ҰБТ Комиссиясы үшін алкоголь бар керемет кешкі ас ұйымдастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Антикоррупциялық қызметке сілтеме жасап.
Осындай жағдайлардың бірі Алматыда тіркелген. UIB (Халықаралық бизнесс университеті) ЖОО-ға жіберілген БҒМ жанынан құрылған комиссия мүшелері ҰБТ науқаны кезінде көңіл көтеру мекемлерінде ішімдік ішіп, бейәдеп қылық танытқан.
«Осы дерекке қатысты қызметтік тексеру басталды. Жоғарыда аталған жәйттарға қатысы бар барлық тұлғалар заң аясында жауап беретін болады», - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеу науқаны маусымның 20-30 аралығында Қазақстанның барлық білім беру мекемлерінде өтті.