Кибер шабуылдарды талдау және зерттеу орталығының мамандары (КШТЗО) Интернетке 11 миллион қазақстандықтың дербес деректері шығып кеткенін анықтады, деп хабарлайды Sputniknews.kz
Киберқауіпсіздік саласының мамандары ашық желіде жарияланған дербес деректерді өткен аптада кездестіріп, ол жайында Telegram арнасында хабарлады.
«Өткен аптада КШТЗО мамандары Желіде ірі көлемде жеке мәліметтердің шығып кеткенін анықтады. 11 миллион адамның, яғни елдегі кәмелетке жасына толған халықтың барлығының толық ақпараты сақталған база жалпыға қолжетімді Интернет желісінде тұр. Кез келген адам жүйеге еркін кіріп, оны толығымен өзіне жүктеп ала алады», - деп жазылған хабарламада.
Сарапшылардың айтуынша, базадағы деректер – жаңа, олар жарты жыл бұрын өзектендірілген.
Оны қылмыскерлер – алаяқтар пайдаланып кетуі мүмкін.
Ақпарат Интернет қолданушыларына қанша уақыт қолжетімді болып тұратыны әзірге белгісіз.
«Деректер қалай жарияланып кеткені анықталып жатыр», - деп жазылған орталықтың хабарламасында. Сондай-ақ, Кибер шабуылдарды сараптау және зерттеу орталығының мамандары мән-жайды білу үшін құзырлы органдарға шағымданды.