$ 448.15  483.46  4.86

Алтай Көлгінов: «Мен қазір кресло туралы ойлайтын шамада емеспін»

Сондай-ақ, ол халықтан жалған ақпарат таратқандарға сене бермеуін сұрады.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жұмыс кабинетіне «жаңа кресло» сатып алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

«Достар! Кеше әлеуметтік желілерде менің «жаңа кресло» алғаным қызу талқыланыпты. Мен қазір кресло туралы ойлайтын шамада емеспін. Жұмысым бастан асады. Жұмысымның басым бөлігін кабинетте емес, түзде өткізіп жүрмін», - деп жазды елорда әкімі Twitter-парақшасында.

Сондай-ақ, ол халықтан жалған ақпарат таратқандарға сене бермеуін сұрады.

«Жиһаз жаңартқысы келген әкімдік қызметкеріне бұл ойдан бас тартуын тапсырдым», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алтай Көлгінов 3 млн теңгеге офис жиһазын сатып алуға тендер жариялағаны туралы ақпарат тараған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары