Қыздар көбіне өзіне ұнаған жігіттердің мінез-құлқында байқалған әдеттерді ақтап алуға тырысады. Алайда, олардың кейбіріне аса назар аударып, талдап, жөнге келмейтінін аңғарған сәтте қашқан дұрыс.
Спиртті ішімдікке құмартқан жан
Егер сөз салып жүрген жігіт сізді қоймай ішімдік ішетін жерге шақыра берсе, ойланыңыз. Спиртті ішімдіктерге бүйірі бұрып тұратын еркек сізді де бүлдіруі мүмкін.
Не істесе де жақтырмайтын адам
Не істесе де көңілі толмайтын еркектер болады. Әрдайым киген киіміңізге сөйлесе, күннің түскенінің өзіне ашуланып, барған жерлерде даяршыға мінезін көрсетіп отыратын адам болса, ары қарай қатынасты доғарғаныңыз жөн.
«Мамасының баласы»
Кейбір ер азаматтан бір мін таппайсың. Бірақ әрдайым анасына күніне 3 реттен хабарласатын, анасына әр басқан қадамын жеткізетін адаммен өмір бақи көңіл жарастыра алмайтыныңызды түсініңіз.
Тазалыққа жаны құмар
Егер жігітіңіздің үйінде әдеттен тыс тазалық орнағанын көрсеңіз, ойланыңыз. Өйткені, ол сіздің әр жасаған ісіңізге араласып, ұсақ-түйекке мазасыздық танытатын болады. Сізде «тазалық синдромы» пайда болады. Сол үшін уайымдап, тағы не жақпай қалды, қай жерде шаң тұр деген уайыммен ерте қартайып кетуіңіз әбден мүмкін.
Ұялы телефонын қолынан тастамайтын адам
Телефонын қайда барса да құшақтап жүретін жігіт болашақта жар болып қатырмайды. Телефонының экранын төмен қаратып қойғанның өзі көп нәрсені жасырып, сырттан іс тындырып жүрген адамның әрекеті. Ол телефонда отырғанда ортада толыққанды әңгіме жүрмейтіні белгілі.
Бәріне келісе беретін адам
Егер жігітіңіз сіздің аузыңыздан шыққан әр сөзді мақұлдай берсе, ол адамның жеке ой-пікірі мүлде қалыптаспаған. Күндердің күнінде басыңызға іс түскен жағдайда ондай еркектен пайда жоқ. Сізді тыңдайтын құлақ таппай қиналатыныңыз анық.
Сондықтан болашақ жар таңдауда осы мінез-құлықтарды аңғарып, дұрыс таңдау жасағаныңыз жөн.