05.07.2019, 14:00

Президенттің кеңесшісі жұмыстан босатылды

Қр Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің өкімімен Ержан Бабақұмаров ҚР Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды.

Қр Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің өкімімен Ержан Бабақұмаров ҚР Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды», - деп жазылған өкімде.

Ержан Бабақұмаров 2019 жылдың сәуір айынан бастап Президенттің кеңесшісі ретінде қызмет атқарған болатын.