Қазақстанда шетелдіктерге жер сатылмайды және уақытша қолданысқа да берілмейді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында министрге «Шетелдіктерге жер сатыла ма?» деген сұрақ қойылды.
«Шынында да, соңғы уақытта интернетте шетелдіктерге жердің сатылуы туралы қауесет тарады. Бірден айтқым келеді, қазіргі уақытта шетелдіктердің жеке меншігіне жер сатылмайды. Уақытша қолданысқа да берілмейді. Алдағы уақытта да шетелдіктерге жер берілмейді», - деп жауап берді Сапархан Омаров.