05.07.2019, 18:30

БҚО-да сыра қайнату кешені өртенді

«Тілсіз жау» 06.26-да оқшауланып, 07.10-да ауыздықталды. Өртті сөндіруге 8 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды.

Ақсай қаласында «Алтын шатыр» сыра қайнату кешені өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңғы сағат 05.46-да болды.

Халықтар достығы 6/1 мекенжайында бір қабатты ғимаратта кабинет, төбе жабыны және жабдықтар жанған. Өрттің аумағы 150 шаршы метрді құрады.

«Тілсіз жау» 06.26-да оқшауланып, 07.10-да ауыздықталды. Өртті сөндіруге 8 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.

Тегтер: өрт БҚО