$ 498.34  519.72  4.85

Әйелі қыз туа бергеннен кейін тастап кетіпті - Данияр Есен

Оның ойынша, бала тәрбиесін анасына ғана артып, еркектің түзде жүргені дұрыс емес. Қыз бала әкенің жылулығын сезінгенде ғана, өзге еркектің қорлауына ұшырамайды екен.

Белгілі тележүргізуші Данияр Есен Instagram-парақшасында бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі жайлы тақырыптарды жиі қозғап жүр. 

Оның ойынша, бала тәрбиесін анасына ғана артып, еркектің түзде жүргені дұрыс емес. Қыз бала әкенің жылулығын сезінгенде ғана, өзге еркектің қорлауына ұшырамайды екен.

Қыз баласынан бас тартып, сол үшін түңілетін әкелерді сабырға шақырды. 

«Әйелі қатарынан қыз туа бергеннен кейін күйеуі тастап кетіпті», «Нәрестенің қыз екенін білген күйеуі перзентханада айқай-шу шығарыпты» - деген сынды әңгімелерді бұрындары арагідік құлағым шалып қалатын. 
Арада қанша уақыт өтсе де, қазір де мұндай жағдай жиі кездеседі. 

Бала (мейлі ол ұл болсын, қыз болсын) – бірінші кезекте Алланың берген керемет сыйы. Бұл сыйдан қағылған қаншама пенде жүр жер бетінде. 

Қазір Интернетті ашып қалсаң, ауру баланың ем-домына ақша жинап жатқан өтініш-хабарландырудан көз сүрінеді. Осындай дүниелерді «қыз туа бересің» дейтін еркектерге көзін ашып, шұқып тұрып көрсетсе деп ойлаймын. Сонда әлгі еркек «Ең бастысы – қыз, ұл емес, дені сау ұрпақ екен ғой» - деп тәубесіне келер ме, кім білсін», - деп ой толғады ол парақшасында. 

Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбарымыздың мынадай бір хадисі бар: 

«Сен күлімсіреп ұлыңа қарасаң, саған «жақсылық» жазылады. Ал күлімсіреп қызыңа қарасаң, саған «сый-сияпат» жазылады. Ендеше (тәрбие беруді) қыздан бастаңдар. Негізінде Алла олар үшін өте жұмсақ» - делінген.

Данияр Есен әйел адамдар құлақпен тыңдағанды жақсы көретінін ескере отырып, қызыңызға жастайынан жақсы сздер айтып, мақтап отыру керектігін айтты. Өйткені, әкесінен кішкентай кезінен әдемі, жылы сөз естімеген қыз бала бойжеткен кезде, көлденең көк атты келіп «Қандай әдемісің!» деп бір ауыз сөз айтса, тәтті сөзге еріп, танымайтын еркектің астына жата кетуі әбден мүмкін. 

Журналисттің ойынша, қыздардың өз-өзіне сенімділігін арттыруға көмек беретін адам – ол әке. Бала кезінен махаббаттың құрбаны болмауды, өз-өзін жақсы көруге үйрету керекӨз-өзіне сенімді қыз бала болмашы нәрсеге сынып қала салмайды.

Жазба соңыңда, ер-азаматтарға қыздарыңыздың ір қылығына сүйсініп, ерінбей жағымды пікірлер айтып отыру керектігін ұғындыруға тырысты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары