$ 443.85  474.3  4.8

12 адам қаза тапты: Ауғанстанда лаңкес жүк көлігін жарып жіберген

Зардап шеккендердің арасында 36 бала бар екені айтылады.

Ауғанстанның Газни қаласында лаңкес жүк көлігін жарып жіберді. Мәліметті таратушы «Пажвак» агенттігі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына не сілтеме жасай отырып. 

Қазіргі уақытта 179 адамның жарақат алған, 12 адам қаза тапқан деп көрсетілген мәлмдемеде. Жарылысты «Талибан» қозғалысы өз мойнына алды.  Жергілікті БАҚ мәліметінше, зардап шеккендердің көбісі қарапайым тұрғындар. Оларды қазіргі таңда ауруханада.

Зардап шеккендердің арасында 36 бала бар екені айтылады.  Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидың баспасөз қызметінің жетекшісі Садик Садикки талибтердің шабуылын сынға алып, оны теракт деп атады.

«Газни қаласындағы жеке мектептің жанында талибтердің террорлық шабуылы бейбіт тұрғындардың өліміне әкеліп соқты, ал бұл адамзатқа қарсы қылмыс болып табылады»,- деп жазды баспасөз қызметінің жетекшісі Twitter желісіндегі парақшасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары