08.07.2019, 15:27

Нұр-Сұлтанда дәрігер арбаға танылған ер адамның тісін далада қараған

Мүмкіндігі шектеулі елордалық Жаслан Сүлеймен тісі сынып, дәрігерге қаралмақ болады.

Нұр-Сұлтан қаласында пандусы жоқ тіс емханасының дәрігері арбаға таңылған  пациенттің тісін көшеге шығып қарауға мәжбүр болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мүмкіндігі шектеулі елордалық Жаслан Сүлеймен тісі сынып, дәрігерге қаралмақ болады.

Алайда тіс емханасына кіретін пандус болмағандықтан, тіс дәрігері оны далаға шығып қарауға мәжбүр болған.

«Қанша жылдан байқағаным, пандусы не арбаны көтеретін қондырғысы жоқ тіс емханасында баға қолжетімді. Егер, барлығы талапқа сай келсе, яғни, пандусы да бар, көтерме жабдығы да жұмыс істеп тұрса, баға жоғары болатын сияқты. Сондықтан, арзан емхана керек кезде пандусына мән бермеуге тура келеді», - дейді Жаслан Сүлеймен.

 

Абырой болғанда, пандусы болмаса да, дәрігері адамгершілік танытып, мүмкіндігі шектеулі жігітті көшеге шығып қарауға мәжбүр болған.

Арбаға таңылғанына 20 жылдан асқан Жаслан мемлекет тарапынан тіс емдетуге тегін квота барын да айтады. Алайда, ол квота үнемі таусылып қала бергендіктен, пайдалана алмай жүр екен.

Кабинетінен шығып, мүмкіндігі шектеулі азаматтың көңілін қалдырмаған дәрігерге Жасланның алғыстан басқа айтары жоқ.

Дегенмен, емхана басшысы пандус жағын реттесе деген ұсынысын да жасырмады.

Тегтер: Нұрсұлтан