$ 498.34  519.72  4.85

«Жеңешелерінің де көтенінен ұстап тиіседі»: жас келіншек жұбайынан күдіктетінін айтып ақыл сұрайды

Автордың айтуынша, жолдасы қыз қырқынмен көп сөйлесіп, ерсі әрекеттер жасайтын көрінеді. Күйеуінің бұл қылықтарынан шаршаған әйел не істерін білмей дал.
Фото: Созвездие красоты
Фото: Созвездие красоты

Күйеуінің қызқұмар екенін айтқан келіншек әлеуметтік желі қолданушыларынан кеңес сұрады. Оның бұл жазбасы Instagram-парақшасындағы «Әйел бақыты» тобында жарияланды. 

Автордың айтуынша, жолдасы қыз қырқынмен көп сөйлесіп, ерсі әрекеттер жасайтын көрінеді. Күйеуінің бұл қылықтарынан шаршаған әйел не істерін білмей дал. 

«Күйеуіммен арамыз соңғы уақытта суып кетті. Ұялы телефонынан бұрынғы қызымен сөйлесіп жүргенін аңғардым, бірақ мойындамайды. Кейде қыз құмар болып көрінеді. Порновидеоларды көп көреді. Үйленгенімізге 2 жыл енді болады. 8 айлық қызымыз бар. Қызымды босанғалы бөлек жататын болдық. Қаладағы үйімізге газ əлі кірмегендіктен мен баламен енемнің жанында, ол қалада тұрды. Күн жылыған соң қалаға өз үйімізге келген едік, қасына жатуға ниеттенсем де, боқтық сөздер айтып, мені өзінен алыстатады. Сыныптастарының әйелдеріне көз қырын салып, ұятсыз сөздер айтады. Бұрынғы қыздарын жыныстық қатынаста қалай қинағанына дейін менің көзімше айтып отырады. Басында ұнатпайтынмын, кейін етім үйреніп кетті. Жеңшелерінің де көтенінен ұстап, тиіседі. Көршілердің əйелдеріне «күйеуіңіз жоқ кезде шақырсаңызшы» деп көзімше талай айтқан. Бұрын өзенге шомылуға барған кезде де көзімше басқа қыздардың көтінен ұстайтын, танысатын», - деп мұңын шақты ол.

Жас келіншек күйеуін осы уақытқа дейін кешіріп, сүйкімсіз әрекеттеріне көз жұмып келгенін айтып, оқырмандардан ақыл сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары