$ 494.87  520.65  4.91

Алдағы үш күнде еліміздің басым аумағы жауынды-шашынды болады

3-5 желтоқсан аралығында республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынды болады. Еліміздің солтүстігінде қар жауса, оңтүстік бөлігінде күн жаңбырлы деп хабарлайды "Қазгидромет".

"Қазақстан аумағында біраз уақыттан бері тұрған Сібір антициклоны батысқа қарай ығысып, жылы ауа ағынын өзімен бірге алып кетеді. Оның орнына Каспий аумағынан атмосфералық ағынмен циклон келеді.  Соның салдарынан алдағы үш күнде республика аумағында күн жауын-шашынды болады" делінген аталған хабарламада.

Жауын-шашынмен бірге кей өңірлерде жел күші секундына 15-25 метрге дейін жетіп, жолдар көктайғақ болады және тұманды болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары