$ 444.32  473.33  4.76

Талдықорғанда 5 күн бұрын суға кеткен 14 жастағы қыз әлі табылмады

Қазір жасөспірімді іздеуге 300-ге жуық адам жұмылдырылған.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Талдықорғанда 5 күн бұрын суға ағып кеткен 2004 жылғы Айнагүл Сқақбай Нұржанқызын іздеу жұмыстары жалғасуда.  Қазір жасөспірімді іздеуге 300-ге жуық адам жұмылдырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Іздеу жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 120 адам жұмылдырылды. Оған қоса еріктілер мен әскерилер барлығы 300-ге жуық адам қыз баланы іздестіріп жатыр. Олар Қаратал өзенінің арнасын бұрып іздеді. Өзеннің  62 шақырым жағалауы толықтай тексерілді. Сүңгуірлер де іздеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Бірақ әзірге қыз бала табылмады», - деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев. 

Айта кетейік, 5 шілде күні 14 жастағы Айнагүл Қаратал өзеніне ағып кеткен. Оқиғаға оның 7 және 11 жастағы туыстары куә болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары