10.07.2019, 10:49

Ақтөбеде мас жүргізуші әйел адамды қағып кетті

Фото: navodah.info
«Мерей» сауда үйіне қарама-қарсы тыйым салынған жолды кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып кеткен. Ауыр дене жарақатын алған тұрғын ауруханаға жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

8 шілде күні шамамен сағат 20:30-да Қонаев көшесінде «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісі әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды NewTimes.kz Ақтөбе облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

«Мерей» сауда үйіне қарама-қарсы тыйым салынған жолды кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып кеткен. Ауыр дене жарақатын алған тұрғын ауруханаға жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. 

Автокөлік жүргізушісінің спирттік ішімдік ішкені белгілі болды. 

Жол ережесін бұзып, адам денсаулығына зиян әкелгені үшін жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

Тегтер: Ақтөбе