$ 494.87  520.65  4.91

Калифорнияда мемқызметкерлердің отырысы атыспен аяқталып, 14 адам қаза тапты

Калифорния штатындағы Сан-Бернардино қаласында орналасқан мүгедектер мекемесіне қарулы топ шабуыл жасап, 14 адамды атып өлтірді. Оқиға орын алар кезде аталған мекеме ғимаратының залын мемлекеттік қызметкерлер жалға алып, өз отырыстарын өткізіп жатқан көрінеді. Құрбан болғандардың көпшілігі де солар деп жазады The Los Angeles Times.

Отырыс өткен ғимарат мекеме аумағындағы рұқсатсыз кіруге болатын жалғыз нысан. Қылмыскерлер соны пайдаланған. Мекеменің атқарушы директоры мәлімдегендей, іс-шаралар өткізуге арналған осынау залға 200 адам сыяды. Ал, атыс болған кезде оның ішінде қанша адам болғаны әзірге белгісіз.

Қанды оқиға Астана уақытымен кеше түнгі 23:00 шамасында орын алған. Шабуылдаушылардың бірін полиция атып өлтіргенімен, қалғандары көліктеріне мініп, қашып үлгерген. Араларында әйел де бар деп мәлімдеді тәртіп сақшылары. Қаза тапқандардан бөлек тағы 15-ке жуық адам жарақат алған.

Қазіргі таңда оқиға орнында полиция мен АҚШ-тың федералдытергеу бюросы жұмыс жүргізіп жатыр. Құқық қорғаушылар ғимарат ішінен жарылғыш зат тапқандығын хабарлады және оны арнайы мамандар залалсыздандырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары