$ 494.87  520.65  4.91

Арыстан патшасы қазақ тілінде сөйледі (ВИДЕО)

«Жастар театрының» бірқатар актерлары фильм кейіпкерлерін дыбыстады. Олардың қатарында Бекболат Құрманғожаев (Муфаса), Дәурен Серғазин (Тимон), Әділ Ахметов (Камари) және Наурыз Сабағатова (Нала) бар.
Фото: Игромания
Фото: Игромания

«Disney» компаниясының классикаға айналған әйгілі «Арыстан патша» фильмі енді қазақ тілінде сөйлейді деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Жастар театрының Facebook-парақшасына сілтеме жасап.

«Жастар театрының» бірқатар актерлары фильм кейіпкерлерін дыбыстады. Олардың қатарында Бекболат Құрманғожаев (Муфаса), Дәурен Серғазин (Тимон), Әділ Ахметов (Камари) және Наурыз Сабағатова (Нала) бар.

Қазақ тілінде дыбысталған бұл әлемдік туынды жақын күндері көрерменге жол тартпақ. 

Бұл фильм африкалық саваннаны мекен еткен аң-құстардың тынысы, олардың мейірімі мен махаббаты, сатқындығы мен билікке таласы сынды адамзатта кездесер жағдайларды баяндайды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары