Бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.
Ол 2014 жылдың 6 тамызынан 2019 жылдың 17 маусымына дейін мәдениет және спорт министрі қызметін атқарған.
Еске сала кетейік, бұған дейін мәдениет және спорт министрлігін 5 жылдай басқарған Мұхамедиұлы қызметінен босатылғанын жазған болатынбыз.