Арыс қаласында өрт шықты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Арыс қаласында қойма аймағы өртеніп жатыр. Қызыл жалынды сөндіруге 8 өрт сөндіру техникасы, ТЖД-нің 55 өртсөндірушісі жұмылдырылды. Тілсіз жау жөндеу жұмыстары кезінде дәнекерлеушімен дұрыс жұмыс істемегеннен шыққан», – делінген хабарламада.
Жапа шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.