11 шілде күні Павлодар облысы полиция департаментіне Kaspi-дің бұрынғы қызметкері Сексембаев Руслан Владиславовичтің атына 28 жәбірленушіден арыз түскен, деп хабарлайды Sn.kz ақпараттық порталы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп.
«Қазір полиция департаменті Р.В.Сексембаевқа іздеу жариялады. Оның үстінен қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағына (алаяқтық) сәйкес, қылмыстық іс қозғалды», - дейді полиция департаментінің ресми өкілі Жанар Билялова.
Еске салайық, бұған дейін Kaspi bank-тің бұрынғы қызметкері туралы ақпарат берген адамға 10 млн теңге сыйақы ұсынғанын жазған болатынбыз.