Отандық блогер Данияр Еникеев Stan.kz ақпараттық агенттігіне Алматы қаласының жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шаһарды жезөкшелерден тазартамын деген уәдесінде тұрмағанын айтты. Айта кетсек, жаңа басшы алғашқы жұмыс күнін Сейфуллин көшесін «түнгі көбелектерден» тазартудан бастаған еді. Блогер бірер күннен кейін ұлы жазушының аты берілген даңғылды аралап, жезөкшелердің әлі орындарында тұрғанын байқады.
Сейфуллин бойындағы жезөкшелер сағатына 7 000 теңге алатын болып шықты. Олардың «жатын бөлмелері» де бір адым жерде екен. Көлікпен апарып-алып келеді. «Түнгі көбелекпен» өткізген бір түн 25 мың теңге екен. Блогердің айтуынша, «қыздармен» саудаласуға болады. Екі жігіт ертіп әкелсе, олар 22 мың теңгеге келісуге дайын. Данияр Еникеев дәл жезөкшелердің қасында полиция қызметкерлері да тұрғанын байқаған. Соған қарағанда, құқық қорғау органдары бұл көлеңкелі бизнесті қоластына алған деп топшылады ол.
Өзін Камила деп таныстырған ару осы «кәсібі арқылы» айына 200-250 мың теңге табатынын айтады. Жезөкше Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқиды екен, оқуын тәмамдағасын ол бұл істі тастап, алдағы уақытта адал жолмен күн көргісі келетінін айтады. Қандасымыздың қызметін пайдаланғандар арасында шетелдіктер де көп екен. «Түрік, әзірбайжан, орыс, кәріс. Басында үлкен кісілермен төсектес болғым келмейтін. Жиіркенішті», - дейді ол.
"Оларға деген сезім болмайды. Просто астарында жатамын. Жиіркенішті нәрсе, сөзбен жеткізе алмаймын. Осы жолға түсу керек болды. Сынақ шығар маған берген. Мен бұл жолдан шығатыныма», - сенімдімін дейді өзін Ләззат деп таныстырған жезөкше. Бойжеткен зорланған кездері де болғанын жасырмады.
Ләззат ерлердің жезөкшелерге деген көзқарасын білмейтінін, алайда бірнеше бұрынғы «әріптесі» жолы болып, тұрмыс құрып кеткендерін айтады.
«Қазір XXI ғасыр ғой. «Қыздық» тіктіріп алуға болады, мен де «тіктіріп», тұрмысқа шығамын», - деді ішіндегі біреуі.