$ 494.87  520.65  4.91

Қыздар, ешкімге тыр жалаңаш сурет, видеоларыңызды жібермеңіздер - Айгүл Орынбек

Заңгер қыздарға кеңес берді.

Заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек жалаңаш суретін жіберетін қыздарға кеңес берді. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды. 

«Қыздар, ханымдар жалпы әйелдер қауымы. Ешкімге өздеріңіздің тырдай жалаңаш сурет, видеоларыңызды жібермеңіздер. Қазір интернет дамыған заманда суреттеріңіз, видеоларыңыз тарап кетуі әбден мүмкін!

Кейбір ер азаматтар хайуаннан жаман! 

Әсіресе, жас қыздарға айтарым,  неке қиылмай жатып сенің жалаңаш бейнеңді, сурет арқылы көргісі келетін жігіттің ойы адал емес!

Сол себепті құрметті аналар! Қыздарыңызбен 12 жасынан бастап ашық сөйлесіп,  әсіресе, телефон арқылы сурет, видео жіберудің қате екенін, болашақта өміріне үлкен кедергі келтіретін ашық айтқандарыңыз дұрыс!

Қазіргі таңда жас қыздардың арасында суицид көбейген. Қыздарыңыздың достарын, телефонын тексеріп отырғандарыңыз дұрыс.

Елуге келген әйелдің өз өзін аймалап, сипалап душ қабылдап тұрған видеосы осы интернетте топтарда жүр.  Сол видеоны қандай оймен түсірсе де, соны таратқан адам еркек емес ез екен.

Ер азаматтар қауымы қыздардан жалаңаш сурет, видео сұрар кезде өздеріңіздің қарындастарыңызды көз алдарыңызға елестеткендеріңіз дұрыс!», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары