$ 494.87  520.65  4.91

Арыста нарық бағасынан 30 пайызға жеңілдетілген азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Нәтижесінде арыстықтар бұл өнімдерді түгелімен сатып алған. Яғни, тұрғындар 67 млн теңгеге сауда жасады.
Фото: Kazpravda.kz
Фото: Kazpravda.kz

Жарылыс орын алып, күллі елді дүр сілкіндірген Арыста жергілікті тұрғындар бір күнде 67 млн теңгеге сауда жасады деп xабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Арыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда нарық бағасынан 30% жеңілдікпен 200 тоннаға жуық өнім сатылымға шығарылды. Нәтижесінде арыстықтар бұл өнімдерді түгелімен сатып алған. Яғни, тұрғындар 67 млн теңгеге сауда жасады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, қалада төмендетілген бағадағы жәрмеңке жағдай тұрақталғанша тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ.

Айта кетейік, Түркістан облыстық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке қаладағы жарылыстан соң  осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары