$ 494.87  520.65  4.91

Әлемдегі 6 қауіпті демалыс орын

Демалыс кезінде адамдар шетелдерге жиі саяхат жасай бастайды. Олардың арасында демалысын қызықты етіп өткізу үшін қауіп-қатерге бас тігетіндер де аз емес.

Демалыс кезінде адамдар шетелдерге жиі саяхат жасай бастайды. Олардың арасында демалысын қызықты етіп өткізу үшін қауіп-қатерге бас тігетіндер де аз емес. Мұндай жандарға әлемде ең қауіпті деп танылған 6 туристік орын жайлы біле жүрген жөн, деп жазды Altaynews.kz порталы Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Нью-Смирна-Бич, Флорида штаты, АҚШ

Нью-Смирна-Бич жағажайы бұрыннан акулалардың әлемдік астанасына айналған орын. Мұндай қорытындыны ISAF Халықаралық ұйымы жасап отыр. Олар соңғы бірнеше онжылдықта жағажайды зерттеп, акуланың адамдарға жасаған шабуылының статистикасын жүргізіп келеді. Жағажай пайда болған кезден бір мұнда жыртқыш алып балықтар демалушыларға 250 рет шабуыл жасаған екен. Ауланың шабуылы бойынша жағажай әлемде бірінші орында тұр.  Десе де, мұндай статистика туристердің үрейін туғызбайтын көрінеді. Демалушылардың саны жылдан жылға артуда.

Хаф-Доум, Йосемити ұлттық паркі

Хаф-Доум гранит шыңы — Йосемити ұлттық паркінің басты символы. Бұл жерге туристердің легі жыл сайын ағылып жатыр. Әсіресе, Сьерра-Невада жотасының орталық бөлігі ең үлкен сұранысқа ие. Гранитті күмбездің биіктігі – 1450 метр. Ал оның ең биік нүктесіне дейінгі жол 13,7 шақырымнан басталады. Бүкіл жолды жаяу жүріп өту керек. Бұл жолда ұзақтығы 3,2 шақырым болатын мым кабельден тартылған арқанжолмен өтуге тура келеді. Осы тұста көптеген қайғылы жағдайлар болған екен. 60-тан астам турист арқанжолда тайып кетіп, құзға құлапты. Одан бөлек те оқыс оқиғалар болған деседі.

Мохер жартасы, Клэр графтығы, Ирландия

Атлант мұхитының жағалауында, Клэр графтығында биіктігі 120 метр болатын жартастар орналасқан. Бұл жердің табиғаты керемет. Жыл сайын мұнда миллионға жуық турист келеді. Алайда бұл орын демалушылар үшін аса қауіпті мекенге жатады. Тік әрі тегіс емес жартастарда қорғаныс рельстері жоқ екен. Оның үстіне бұл жерде қатты жел соғып, нөсер жиі жауады, тұман түседі. Мохер жартастарында өлім-жітім жиі тіркеледі. Әсіресе, мұнда адамдар өз-өзіне жиі қол салатын көрінеді.

Килауэа және басқа да белсенді жанартаулар, Гавай аралдары

Гавай аралдары — саяхатшылардың сүйікті орындарының бірі. Мұнда жылда келсең де, қызықты демалысқа тоймайсың деседі туристер: жағажайлар, серфинг, көңілді кештер, және жанартаулар. Гавай аралдарында үш белсенді жанартау бар. Алайда оған тым жақындауға болмайтынын көп туристер есте сақтамайтын көрінеді.

Үш жанартаудың ішінде ең көріктісі әрі қауіптісі Үлкен аралдағы Килауэ жанартауы болып табылады. Оның соңғы ең ірі атқылауы 1983 жылы болған деп есептеледі. Десе де, 2014 жылы оның лава тасқыны Пахоа қаласына дейін жетіп, мыңдаған адамның өміріне қауіп төндірді. Жанартау атқылауы бір аптаға созылып, сол уақыт аралығында 50 тұрғын үйді, жолдарды, электр желілерін өртеп, демалыс орнын танымастай етіп өзгерткен еді.

Колорадо өзені, Солтүстік Америка

Колорадо өзенінің ұзындығы 2334 шақырымды құрайды. Ол Колорадо, Калифорния, Юта, Невада және Аризона штаттары мен Гранд-Каньон ұлттық паркін басып өтеді. Жергілікті жұрт және демалушылар өзенде суға шомылып, снорклинг және рафтингпен айналысады екен. Алайда қатты жаңбыр жауғанда, қар ерігенде Колорадо аса қауіпті орына айналатынын есте сақтаған жөн.

Монблан, Шамони коммунасы, Альпі таулары

Альпі тауларының ең биік шыңы- Монблан («Ақ тау»). Оның биіктігі – 4810 метр. Бұл жер әсем табиғатынан бөлек жиі болатын өлім-жітім жағдайларымен де танымал.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары