$ 494.87  520.65  4.91

Бүркіттің қарындасы екінші күйеуін көрсетті

Бүркіттің қарындасы ұзатылу алдындағы құрбыларының ұйымдастырған кешінде екінші күйеуімен суретке түскен.

Атышулы Әсел Асқар өзінің Instagram-парақшасында күйеуімен бірге түскен суретін жариялады, деп жазды Sn.kz.

Жақында Әсел тұрмысқа шыққаны жайлы хабарлаған болатын. Желі қолданушыларын оның кімге тұрмысқа шыққаны қатты қызықтырды. Көптің сұрауымен ол жолдасымен суретті желіге жүктеді.

«Мен сені жақсы көремін», - деп Әсел суреттің астына жазба қалдырды.

Бүркіттің қарындасы ұзатылу алдындағы құрбыларының ұйымдастырған кешінде екінші күйеуімен суретке түскен. Оған желі қолданушылар жарыса пікір жазды. Кейбіреуі оған бақыт тілесе, кейбіреуі теріс пікірлерін жаудыртты.

«Ұлыңыздың әкесі сияқты, қатты ұқсайды», «Күйеуі қуанып тұрған адамға ұқсамайды, еңсесі түсіп кеткен, көңілсіз», «Мынауың аңқау бала ғой, саған нағыз ер жігіт керек», «Тәтті бұрыш сияқты», «Отбасылық бақыт тілеймін, Әсел», - деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары