15.07.2019, 18:00

«Әйелге де секс керек»: нәзік жандылар төсекте нені қалайды?

Ендеше еркекке де төсекте әйелінің көңілін табуына тура келеді. Әйелге адамның миына сыймайтын секс керек деп ойламаңыз.

Күйеуімен тәтті түн өткізген әйелдің көңілі тыныш болып, іші энергияға толады. Әйелдің көңіл-күйі дұрыс болса еркектің де жаны тыныш болмай ма? 

Ендеше еркекке де төсекте әйелінің көңілін табуына тура келеді. Әйелге адамның миына сыймайтын секс керек деп ойламаңыз. Қарапайым ғана әрекеттерге әйел жаны мәз боп қалады. Сонымен әйелдер төсекте нені қалайтынын 16qyz.kz тізіп шықты.

Құшақтау

Істі бірден бастап кету еркекке тән. Әйел ләззат алуға асықпайды. Алдымен жылы құшағыңызға тартыңыз. Жақсы көретіндігіңізді солай білдіріңіз. Не қалап тұрғаныңызды кеудеңізге қысып білдіріңіз.

Аймалау

Суық күні тіпті көлігіңіздің өзін алдын-ала қыздырып алмайсыз ба? Әйелді де солай. Тек суық күндері ғана емес, әркез сексті бастамас бұрын оны қыздырып алыңыз. Ең нәзік мүшелерінен сүйіп, ыстық деміңізбен есінен тандырыңыз. Тәтті сүйіспен әйелді басқа әлемге «ұшырып» әкетіңіз.

Жылы сөз

Иә, әйелге жылы сөздің қажет болмайтын кезі жоқ шығар. Төсекте де әдемі сөз естігісі келеді. Ұятсыз сөздерге де қарсы болмайды.

Рөлге кіру

Рөлге кіріп ойын ойнау әйелге де ұнайды. Оны үнемі әйел адам ұйымдастыруға міндетті емес. Арасында ері де ерекше ойын ұйымдастырып тұруына болады. Әйелдің көзін жұмып, аяқ-қолын тартып байлап қойып әрекет етудің оған ұнамауы мүмкін емес.

Смс жазу

Әйелдер күйеуінің секске хабарлама жіберіп шақырғанын қалайды. Төсекте тоғысқыңыз келген кезде ас үйде жүрген әйелге хат жіберіп белгі беріңіз. Әйел сізге жетпей жатып-ақ жіби бастайды.

Комплимент

Төсектен тұрған соң еркектер серігінің секс кезіндегі әрекеттерін мақтағанын қалайды. Әйел де дәл солай. Күйеуіне қандай тәтті түн сыйлағанына көз жеткізу үшін ол да бір мақтау күтеді.