$ 498.34  519.72  4.85

«Трактор келгенше ер адамның қолы автобустың астында жатты»: Алматы облысындағы жол апаты қалай болды? (ФОТО)

Қарлығаш отбасымен Алакөлге демалуға шыққан. Пойызға билет болмаған соң автобусқа мінуге мәжбүр болыпты. Апаттың бұрылыста болғанын айтқан ол жүргізушілердің жас екенін жеткізді.

Алматы облысындағы жол апатынан зардап шеккендердің бірі Қарлығаш Қазбекова оқиғаның қалай болғанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Қарлығаш отбасымен Алакөлге демалуға шыққан. Пойызға билет болмаған соң автобусқа мінуге мәжбүр болыпты. Апаттың бұрылыста болғанын айтқан ол жүргізушілердің жас екенін жеткізді.

«Өте қатты жылдамдықпен жүрді. Меніңше жүргізуші ұйықтап кеткен сияқты. Аударылмай тұрып, баламның орнын ауыстырған едім. Әйтпесе, қатты жарақаттанар еді. 

Түсінбей қалдық не болғанын. Балалар жылады. Қан, айқай шу. Тіпті ер адамның автобус астында қолы қалды. Трактор келгенде бір-ақ алды. Меніңше ол қолынан айрылған сияқты», - деп әйел жан түршігерлік жол апатын еске алды. 

Еске сала кетейік. Алакөлге бет алған жолаушылар автобусының аударылғанын бұған дейін xабарлаған болатынбыз. 17 жолаушы зардап шеккен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары