Атырауда жол апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көлік апаты облыс орталығындағы Бейбарыс пен Тайманов көшелерінің қиылысында болды. Даңғылда «Porsche Cayenne» мен «Volkswagen Polo» көліктері соқтығысты. «Volkswagen Polo» жүргізушісі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам зардап шекті.
Куәгерлердің сөзінше, көліктердің бірі бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кеткен. Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты бойынша, ҚР ҚК-нің 345 бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Аталмыш бап кісі өліміне алып келген жол ережесін бұзу, көлікті пайдалану сияқты заңбұзушылықтарды қарастырады.