$ 498.34  519.72  4.85

Елордада қай көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізіледі?

Осыған байланысты № 18, 28, 52, 54 қалалық маршруттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі.
Фото: Elorda.info
Фото: Elorda.info

Керей-Жәнібек хандар көшесінің Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Түркістан көшесіне дейінгі учаскесінде құрылыс-монтаждық жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Елорда ИнфоКөлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ПБ Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, «Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 жоспарлы ауданның (№19 көшенің оңтүстігіне қарай) жолдары мен инженерлік желілері. Түркістан (№34) көшесін салу» жобасын іске асыру аясында Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Түркістан көшесіне дейінгі учаскедегі Керей-Жәнібек хандар көшесі бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Осыған байланысты, тамыз айының 1-нен 10-на дейінгі мерзімде көрсетілген учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады», - делінген басқарманың хабарламасында.

Осыған байланысты № 18, 28, 52, 54 қалалық маршруттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Нұрсұлтан