Алматы қаласының тәртіп сақшылары жезөкшелермен күресті жалғастырып жатыр. Түрксіб ауданынан түскен шағым бойынша түнгі ауысым полицейлері қонақүйден бірнеше жезөкшені ұстады, деп хабарлайды AlmatyTV.
Ұсталған «түнгі көбелектер» мойындаудан бас тартып, ғашықтар екенін айтып ақталған.
«Мен жұмыс істеп жүрген жоқпын, біз жақын арада үйленеміз», - деді күдікті.
Айыпталушылардың ішінде біреуі ғана өмірінің қиындығын айтып, ағынан жарылды.
«Мен балалар үйінде өстім. 3 балам бар. Оларды сондай қалай асыраймын? Мен осы бағытта нәпақамды тауып отырмын, жалғастыра беремін де. Тәнімді саудалаймын, онда тұрған не бар? Адамдар маған өзі келеді», - деді өзін Милана Кажекенова деп таныстырған келіншек.
Жезөкшелердің көбіне 12 мың теңгеден жоғары айыппұл салынды. Кейін босатылады.
1-10 шілде аралығында 479 жезөкше ұсталды, оның 278-іне әкімшілік жаза тағайындалған.
Қазіргі уақытта Түрксіб ауданынан түскен шағымдар саны азайды. Полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.