Екі ер адам кәріз құдығының суына уланып, Қарағанды ауруханасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпарат агенттігі.
«Жансақтау бөлімінде оларды аман алып қалуға тырысқанмен мүмкін болмады.», - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, осы дерекке қатысты Михайлов полиция бөлімшесі тіркеуге алды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.
Еске салайық, Қарағандылық 59 жастағы ер адам кәріз құдығына құлап кеткен. Оның артынша ұлы мен көршісі құдыққа түскен. Соның салдарынан құдыққа құлаған ер адамның ұлы қайтыс болған еді.