$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде 19 жастағы жігіт өзін өлтірмек болды (ВИДЕО)

Басты мақсат – жігітке қабырға арқылы байқатпай жақындап келіп, подъездің ішіне қарай кенеттен итеріп, құлатып жіберу.

Оқиға 15 маусым күні таңғы уақытта болған. 112 желісіне жас жігіттің 9 қабатты үйдің подъезіндегі терезеден секіргелі тұрғаны туралы ақпарат түсіпті, деп жазады altaynews.kz. 

Оқиға орнына құтқарушылар құтқарушы отрядтың психолог маманы келіп жетті. 

19 жастағы бозбала терезенің алдына отырып алған екен. Біреудің сөзіне құлақ асуға ниеті жоқ екенін ол бірден білдірген. 

Психолог маман оны әңгімеге тартып тұрған кезде құтқарушылар жасырын түрде үйдің шатырына шығып, арнайы жабдықтар арқылы қабырғамен төмен түсуге дайындалады. 

Басты мақсат – жігітке қабырға арқылы байқатпай жақындап келіп, подъездің ішіне қарай кенеттен итеріп, құлатып жіберу. 

Бұл жоспар сәтті жүзеге асырылып, құтқарушылар жігітті аман алып қалды. 

Есін жиған бозбала өмірмен қош айтысуға қайта талпынбаған екен. Қазір онымен полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары