17.07.2019, 07:55

Мұнайдың әлемдік бағасы арзандады

Фото: ҚазАқпарат
WTI маркалы мұнай құны 1,96 долларға арзандап, бір баррелі 57,62 доллар болды.

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,79 долларға құлдырап, 64,4 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) тамыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 1,96 долларға арзандап, бір баррелі 57,62 доллар болды.

Тегтер: WTI мұнайы