Нұр-Сұлтан-Қарағанды бағытындағы тас жолда жүк көлігі бақылаушы инспекторларды қағып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Көлік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін, 16 шілдеде орын алды.
Жылжымалы көлік бақылау бекетінің қызметкерлері кезекшілік кестесіне сәйкес Нұр-Сұлтан – Қарағанды тас жолында бақылау жүргізген.
Бекеттің 2 инспекторы HOWO маркалы жүк көлігін тоқтатпақ болған кезде жүргізуші олардың бұйрығын орындаудың орнына өздерін қағып өткен.
Содан кейін басқа көлікке барып соғылды.
Оқиға орнына Көлік комитетінің мамандары, жол полициясының қызметкерлері және жедел жәрдем мамандары келіп, зардап шеккен көлік инспекторлары ауруханаға жеткізілген.
Ал жол ережесін бұзған жүк көлігінен нормативтен 20 тонна артық жүк тиелгені анықталды.
Жүргізушінің үстінен іс қозғалады.