Қытайдың Гуанчжоу қаласында әйел адам тез жүретін пойызды аяғымен тоқтатуға тырысты, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.
30 жастағы Ван есімді әйел ағасы және құрбысымен бірге турникеттен секіріп өтіп, пойызды тоқтатпақ болды. Станса қызметкері кешіккен жолаушылардың билетін қабылдамай қойған. Жолаушы әйел қозғала бастаған пойыздың есігін ашуды талап еткен.
Әйел адам мұның Чанша қаласына баратын соңғы пойыз екенін, егер қалса жұмыстан кешігетінін айтып айқайлады.
Видеодан жолаушыларды қызметкерлердің қуып жатқаны байқалады. Алайда әйел аяғын пойызға тигізіп, тоқтатуға тырысты.
«Өтінемін, есікті аша салыңыздаршы, бір бір ғана минут алады», - деді ол.
Төрт қызметкер әйелді әрі қарай сүйреп әкетті. Оқиға салдарынан пойыз 7 минут кешігіп жүрді. Әйелді 9 күнге түрмеге қамады. Ағасы мен құрбысына ескерту жасалды.