Жастар көшесіндегі аулалардың бірінде өткен-кеткен тұрғындар жоғарыдан құлап қалған баланы тауып алды, деп жазады
YK-news.kz.
Өскемен қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 6 жасар бала үйінде қараусыз қалған. Салдарынан пәтердің 2-қабатынан құлап кеткен.
«Бала далаға ойнағысы келген. Алайда үйі құлыптаулы болған соң терезеден шығамын деп ойлаған. Дәл қазір сәби аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр», — деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.