18.07.2019, 06:07

Оралда автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті аялдамасы маңында болған оқиға салдарынан студент жарақат алған. Оны жедел жәрдем көлігі алып кетті.
Оралда автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   Оқиға 17 шілде күні Зачаган кентіндегі Жәңгір хан көшесі бойында болды.   Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті аялдамасы маңында болған оқиға салдарынан студент жарақат алған. Оны жедел жәрдем көлігі алып кетті.   Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 17.08-де жеткен. Зардап шеккен жаяу жүргінші облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.   Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді.   Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөліктің велосипед мінген баланы қағып кеткенін жазған болатынбыз.