18.07.2019, 08:00

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында мұнай бағасы қымбаттады

Фото: ҚазАқпарат
Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,8 долларға төмендеп, 63,6 долларды құрады.
Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,8 долларға төмендеп, 63,6 долларды құрады.   Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) шілде айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,84 долларға төмендеп, бір баррелі 56,78 доллар болды.