$ 494.87  520.65  4.91

«Еркек болсаң, шық бері»: Сарыағашта 2 балалы ана мемлекеттік қызметкермен төбелесті (ВИДЕО)

33 жастағы келіншектің айтуы бойынша, мемлекеттік қызметкерге тек заң аясында қызмет істеуін өтінген. Алайда, ер адам келіншектің қолын қайырып, жерге сүйреп құлатқанын куәгерлер бейнетаспаға түсіріп алыпты.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында төбелес шықты. Жанжал жұмыспен қамту орталығының қызметкері мен 2 баласы бар ананың арасында туындаған, деп хабарлайды Sn.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

33 жастағы келіншектің айтуы бойынша, мемлекеттік қызметкерге тек заң аясында қызмет істеуін өтінген. Алайда, ер адам келіншектің қолын қайырып, жерге сүйреп құлатқанын куәгерлер бейнетаспаға түсіріп алыпты. 

«Мен оған заң шеңберінде жұмыс істеуі керектігін айтқым келді. Оған басқа азаматтардың құжатын 5-10 мың теңге алып өткізбеуі керек екенін айттым. Мен, тіпті, сол әйелдерді әкеліп, өтірігін әшкерелегім келді. Алайда олар ақшасыз қалудан қорқып отыр», - деді тұрғын.

Бірақ Ержан есімді мемлекеттік қызметкер келіншектен тек қорғанғанын айтып ақталуда. 

«Мен одан тек қорғандым. Менде өзімнің видео нұсқам бар. Ол жерде әйел адамның маған атылып, жүгіргенін, мені ұрғанын анық байқауға болады», - деді Ержан.

Екеуі де кінәсін мойындаудан бас тартып, бір-бірінің үстінен полицияға арыз жазған.

Сондай-ақ, видеодан әйелдің мемлекеттік қызметкерге «Қазір баспен ұрып, мұрныңды қанатамын. Еркек болсаң, шық бері» деп айтып жатқан сәтін көруге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары