$ 444.32  473.33  4.76

«Жазасын өтеуші видео жолдады»: Абай өлеңдерінің эстафетасы түрмеге де жетті (ВИДЕО)

Ол Абайдың «Көзімнің қарасы» туындысын домбыраның сүйемелдеуімен орындады.

Павлодар облысындағы AP-162/3 мекемесінде жазасын өтеуші қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған эстафетасына қатысты, деп хабарлайды NewTimes.kz агенттігі мекеме басшысының орынбасары Ермек Сүлейменовке сілтеме жасап.

«Мен осы жаңалықты көрген бойда жасақ басшысына барып, эстафетаға қатысуға ниетті екенімді жеткіздім. Түрмеде отырсам да, осы эстафетаға қатысуға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын», - дейді қатысушы.

Ол Абайдың «Көзімнің қарасы» туындысын домбыраның сүйемелдеуімен орындады.

Жазасын өтеп жүрген азамат бала кезінен өнерге жақын екен. Оның жазасын толық өтеуге 3 жыл уақыты қалыпты. Оны үйде 3 ұлы мен әйелі күтіп жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#түрме