$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда көңіл көтеретін орындардың жұмыс уақыты қысқаруы мүмкін

Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Сабыр Жүсіпбеков 22:00-ден кейін көңіл-көтеретін орындардың жұмыс істеуіне өз қарсылығын білдірді.

Қазақстанда сағат 22:00-ден кейін көңіл көтеретін орындарды жабу керек деген ұсыныс айтылды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Сабыр Жүсіпбеков 22:00-ден кейін көңіл-көтеретін орындардың жұмыс істеуіне өз қарсылығын білдірді.

«Көңіл көтеретін орындардың жұмыс уақытын 22:00-ге дейін қысқарту қажет. Полицейлердің оған құзіреті жоқ, сол себепті ұсынысты заңдастыру керек деп ойлаймын. Демалатын жерлер көп қой, мәселен, паркке  баруға болады»,  – деген Сабыр Жүнісбеков Пекинде көңіл көтеретін орындардың сағат 20:00-де жабылатынын алға тартты.

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен бұл ұсынысты біреуі жақтаса, біреуі даттап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары