Синоптиктердің айтуынша, еліміздің оңтүстігінде ыстық әзір төмендемейді, деп жазады Otyrar.kz ақпараттық порталы.
Шымкент қаласында ауа райы 2 апта бойы +40 градустан жоғары көрсеткіш көрсетіп тұр. Бұл жақта шілде ең ыстық ай болып есептеледі.
Метеорологтардың болжамына сәйкес, бүгін Сарыағашта +34 ... + 42 ° C, жауын-шашынсыз, самал жел еседі. Дегенмен қала тұрғынының түсірген видеосында ыстықтың тым жоғары көрсеткіш көрсетіп тұрғанын айтады.
Сарыағаш қиылыстарының бірінде күннің ыстығынан бағдаршам қызып кеткен және еріген. Бірақ технология сапасының мықтылығы сонша,тіпті осы күйде де жұмысын жалғастырып тұр.