$ 443.35  475.54  4.82

Денис Тен осыдан бір жыл бұрын кісі қолынан қаза тапқан болатын

Денис Тен өткен жылы 19 шілдеде 25 жасында қайтыс болды.
Фото: Спорт-Экспресс
Фото: Спорт-Экспресс

Осыдан бір жыл бұрын дәл осы күні қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тен кісі қолынан қаза тапқан болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.  

Денис Тен өткен жылы 19 шілдеде 25 жасында қайтыс болды. Күндізгі сағат үштер шамасында ол Байсейітова мен Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы мейрамханадан шыққан. Екі жігіттің көлігінің айнасын ұрлап жатқанын байқаған Денис оларды тоқтатпақ болған кезде жамбасынан жарақаттанды.

Денис Тен - қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, 255,10 ұпаймен қола медальға ие болған. Ол мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары