Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Өмірзақ Шөкеевтің Арыс қаласындағы үйін видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жүктеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпараттық порталы.
«Арыс үйлерінде қабырғаларды қызғылт түске бояу қызық сән екен. Бұл үйде бір айдан бері Өмірзақ Шөкеев Индустрия және инфрақұрылымды даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевпен және әкімнің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхамбетовпен бірге тұрып жатыр», - деп жазды Сәкен Қалқаманов Facebook-парақшасында.
Еске салайық, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бір ай бойы Арыста тұрып, жөндеу жұмыстарын қадағалайтынын жазған болатынбыз.