Қазақ психологі ретінде танымал Құралай ханым өзінің youtube арнасында күйеуді өзгертетін 4 сөзді айтты, деп жазады Sn.kz.
Оның ойынша, осы әдісті қолданған кез келген адамның ашуы тарқап, сабасына түсетіні тексерілген.
«Оншақты жыл бұрын Гавай дәрігері ойлап тапқан "Хоопонопоно"-мен таныстым.
Хью Лин деген дәрігер осы әдістi қолданып, түрмедегi өте қиын, «жан жарасы жазылмаған адамдарды» ешқандай байланысқа түспей емдеп шығарған екен. Содан соң дәрігердің жұмыс орны ауру адамдар қалмағандықтан жабылып қалыпты. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсартатын, мен бiлетiн өте бiр керемет "тексерілген" әдіс. Маған көп қыздардан хат келеді. Көп сұрақ осы қарым -қатынас жайында. Енесі оны, ол енесін жактырмай, жұмыстағы бастығы маза бермей, күйеу деген енді тіпті бiтпейтiн, басты проблема екенін жарысып айтып жатады. Мен осы әдісті кез-келген адамға қолдана беремін.
«Мен сізді жақсы көремін!», «Өтінемін, кешіріңізшi!», «Өкінемін!», «Сiзге рахмет!». Осы төрт сөзді iшiңнен айта бересің. Бірақ шын көңілмен айту керек. Сен осы адамның мазасын алғаның үшін, сенен басқа жөнi дұрыс адам болмай ауасын тарылтқанын үшін т.б. бар жауапкершіліктi өзіңе алып, шын сұрап, арасында шын жылап алсаң да болады. Күйеуге, балаға, енеге, абысынға, қысқасы, бар адамға айта беруге болады», - деді Құралай ханым.